БҰҰ: Газада мыңнан астам сәби қаза тапты
Газа секторында кейінгі екі жылда мыңнан астам нәресте көз жұмды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді.
Сарапшылар жағдайды аймақтағы денсаулық сақтау жүйесінің толық күйреуімен байланыстырып отыр. Қазіргі уақытта өңірдегі 36 аурухананың тек 14-і ғана жұмыс істеп тұр. Жақында қақтығысты тоқтату үшін АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа жоспар ұсынды. Израиль оны қолдады. Егер ХАМАС келіссе бітім дереу күшіне енеді.