Израиль мен ХАМАС Шарм-әл-Шейхте бейресми келіссөздер өткізіп жатыр
Мысырдың Шарм-әл-Шейх қаласында Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі алғашқы бейресми келіссөздер раунды аяқталды, деп хабарлайды 24kz.
Кездесу Мысыр, Қатар, АҚШ және Түркияның арағайындығымен өтті. ХАМАС тарапы атқылауды тоқтатпайынша, тұтқындарды босату мүмкін емес екенін айтты. Келіссөздер барысында атысты тоқтату, Израиль әскерін Газа аумағынан әкету, хамастықтардың рақымшылыққа сай сектордан шығарылуы және гуманитарлық мәселелер сөз болды. Тараптар келіссөздерді бүгін тағы жалғастырады.