Еуропада әйелдердің зейнетақысы 30% төмен

Еуроодақта әр бесінші зейнеткер жоқшылықтың қамытын киіп жүр. Бұл –Дүниежүзілік экономикалық форумның дерегі. Қарт құрлықта ер-азаматтарға қарағанда әйелдердің зейнетақысы 30% төмен. Бұған нәзік жандардың бала немесе қарттарға күтім жасау үшін үзіліс алуы, сондай-ақ ерлерге қарағанда жалақысының аз болуы себеп. «Сондықтан Еуропада әйелдердің кедейлік қамытын кию қаупі 35% жоғары», - дейді сарапшылар.