Шетелде зейнетақы қалай жинақталады?
Жаһандану мен еңбек миграциясының артуы еңбек құқығымен ғана шектелмей, зейнетақы жинақтау жүйесіне де әсер етіп отыр. Бүгінде кей елдердің азаматтары екі немесе одан да көп елде жұмыс істеп, зейнетақы құқықтарын қорғауға жағдай жасайды. Еуроодаққа мүше мемлекеттер арасында жасалған келісімдерге сәйкес одақ аумағында қызмет ететін азаматтардың еңбек өтілі әр елде жеке есепке алынып, кейін зейнетақы ретінде төленеді.
Кэролайн Кастрильон, Forbes журналының авторы:
- Өмір бойы бір жерде бір ғана маман иесі болу өткеннің еншісінде қалды. Бүгінде екі жұмыс орнында еңбек еткен азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған зейнетақы жүйесімен байланысты заңнамалар бар. Шетелдегі еңбек өтілі зейнетақы төлемдерін арттыруға сеп бола алады, бірақ әр елдің заңымен жеке танысып шығу керек.
Францияда 5 жыл, Германияда 10 жыл жұмыс істеген адам осы елдердің әрқайсысынан зейнетақы ала алады. Канада мен АҚШ сияқты елдерде Totalization Agreements деп аталатын екіжақты келісімдер арқылы азаматтар қос мемлекетте де жұмыс істей береді және зейнетақы құқығы қорғалады.