Қазақ-тәжік арасында тауар айналымы $680 млн жетті

Биыл алғашқы жартыжылдықта Қазақстан Тәжікстанға жалпы құны 600 млн доллардан асатын тауар түрлерін экспорттады. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 14 пайызға көп. Бауырлас елге жеткізілген өнімдер арасында бидай, күнбағыс майы, қант, жүгері, табиғи газ, алюминий тотығы мен гидроксид-терінің үлесі басым. Ал импорт екі есе азайды. Тәжік кәсіпкерлерінен 63 млн доллардың тауары сатып алынды. Оның ішінде мырыш, кептірілген жеміс түрлері, минералды және газдалған су, кеңсе тауарлары, әк пен өңделмеген қорғасын бар. Екі ел арасындағы тауар айналымы 680 млн доллар шамасында.