Вьетнамды топан су басты
Вьетнамда нөсер жаңбыр мен су тасқынынан кем дегенде сегіз адам қаза тапты, тағы бесеуі жарақат алған.
Ең көп зардап шеккен аймақ - елдің солтүстігі. 15 мыңнан астам үй мен 14 мың гектарға жуық егістік алқап су астында қалды. Бұдан бөлек 97 мыңнан астам мал мен құс қырылғаны анықталды. Жол қозғалысы іркіліп, құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Жергілікті билік қауіпсіздік шараларын күшейтуде. Зардап шеккендерге үкімет тарапынан көмек ретінде 5 млн доллардан астам қаржы бөлінді.