Газада құрбандар саны 67 мыңнан асты

Газа секторында қаза тапқандар саны 67 мыңнан асты. Бұл туралы аймақтағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Кейінгі тәуліктің өзінде 10 адам көз жұмып, 49 тұрғын жарақат алған. Ал соғыс басталғалы зардап шеккендер саны 170 мыңнан асады. Құрбандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар.