Газада «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының 2 қызметкері қаза тапты

Газа секторында Израиль әскерінің соққысынан «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымының 2 қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ.

Қайғылы оқиға емхана сыртында болған. Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, ғимаратта арнайы логотиптер анық белгіленген және оның нақты мекенжайы Израиль армиясына алдын ала хабарланған. Алайда Тель-Авив құрбандарды: «Гуманитарлық миссия атын жамылған содырлар», - деп айыптап отыр. Соғыс басталғалы бері аймақта аталған медициналық ұйымның 17 қызметкері көз жұмды. Ал құқық қорғаушылар ауруханалардың халықаралық құқықпен қорғалатынын еске салып, Израиль тарапы шабуылдарды ақтайтын жеткілікті дәлел ұсынбағанын алға тартады.

Сондай-ақ оқыңыз: