АҚШ-Қытай сауда қатынастары қайтадан ушықты

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың сауда жөніндегі міндеттемелерін орындамағанын айтып, елге қарсы жаңа кедендік баж салығын енгізетінін  мәлімдеді.

Ол алдағы АТЭС саммитінде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу енді маңызын жоғалтты деп атап өтті. Трамп Қытайды әділетсіз сауда саясатын жүргізіп, қол қойылған келісімдерді орындаудан бас тартты деп айыптады. Қос тарап арасындағы шиеленіс әсіресе сауда және технология саласында күшейіп отыр. Трамптың сөзінше, АҚШ өз экономикасына нұқсан келтіретін әділетсіз бәсекелестікке жол бермейді. Алдағы уақытта жаңа тарифтер енгізу мәселесі АҚШ Сауда кеңесінің отырысында қаралмақ. Қытай тарапы келіссөз жүргізуге дайын екенін білдіргенімен, елдің ішкі істеріне араласуға жол бермейтінін ескертті.