Ауғанстан-Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыс болды

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында қарулы қақтығыс болды.

 BBC басылымының мәліметінше, «Талибан» қозғалысының жасақтары Лахор қаласына әуеден соққы жасап, 12 пәкістандық сарбаз қаза тапқан. Ұрыс тарихта даулы Дюранд сызығы деген атпен белгілі аумақта болды. Ресми Кабул мұны Пәкістан әскерилерінің ауған жеріне кіріп, жергілікті базарды атқылағанына жауап деп мәлімдеді. Ал Исламабад керісінше тәліптерді бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады деп айыптап отыр. Сондай-ақ пәкістандық «Талибан» содырларын паналатуды тоқтатуды талап етті. Бұл топ 2021 жылдан бері жүздеген пәкістандық сарбаздың өліміне себеп болған.