Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы жағдай ушығып тұр

Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы жағдай ушықты. «Тәліптер» Пәкістан армиясына қарсы соққылар жасағанын растады. Қақтығыстар елдің солтүстігіндегі таулы аймақтарда жүріп жатыр. 

Талибан операциялар кезінде 58 пәкістандық сарбаздың көзін жойғанын мәлімдеді. Алайда Пәкістан әскері адам шығыны әлдеқайда аз екенін айтып, 23 әскеридің қаза тапқанын жеткізді. «Тәліптер» бұл әрекетті «жауапты операция» деп атады. Ұйымның мәліметіне қарағанда, осыған дейін Пәкістан әскері Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзып, Пактика провинциясындағы базарды бомбалаған. Көршілес ел билігі бұл шабуылдарды «еш себепсіз жасалған агрессия» деп атады.