Индонезияда мұнай танкерінің өртінен он адам қаза тапты
Индонезияның Риау аралдары провинциясында жөндеу кезінде мұнай танкері өртеніп, 10 адам қаза тапты, тағы 18 адам жарақат алды.
Өрт таңғы 4-тің шамасында Батам қаласындағы кеме жөндеу зауытында болды. Полицияның айтуынша, ((MT Federal II)) MТ Федерал 2 танкері жөндеу кезінде тұтанған, бірақ ішінде мұнай болмаған. Қазір зардап шеккендер ауруханада ем қабылдап жатыр, өрттің себебі анықталуда.