Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімнің үзілу қаупі бар

Израиль мен ХАМАС арасындағы бейбіт келісімнің үзілу қаупі бар.

Уағдаластық бойынша, ХАМАС Израильге 28 тұтқынның мәйітіні қайтаруға тиіс. Алайда бейбіт келісім күшіне енгеннен кейін, кейінгі 5 күн ішінде тек 11 адамның денесі тапсырылды. Қалғанын ХАМАС қазір үйінді арасынан іздестіріп жатыр. Осы себепті Израиль Газадағы ауыр халдегі науқастарды көшіруге және гуманитарлық көмек кіретін бекеттерді ашуға рұқсат етпей отыр. Ал Израиль халықаралық Қызыл крест комитетіне 120 палестиналықтың мүрдесін тапсырды.