Камерунда ең қарт президент қызметін жалғастырады
Камерун президенті Поль Бийя 92 жасында сегізінші президенттік мерзімге сайланды.
Бүгінде ол әлемдегі ең қарт мемлекет басшысы ретінде тарихқа енді. Конституциялық кеңестің ресми дерегіне сәйкес, Поль Бийяға сайлаушылардың 53,66 пайызы дауыс берген. Енді ол 99 жасына дейін, яғни 2032 жылға дейін елді басқарады. Айта кетейік, биылғы сайлау елді жайлаған жемқорлық пен экономикалық тұрақсыздыққа байланысты тұрғындардың наразылығынан кейін өткен болатын.