Садыр Жапаров президент сайлауын әділ өткізу туралы жарлыққа қол қойды

president.kg

Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров 2027 жылғы 27 қаңтарға жоспарланған президент сайлауын еркін, әділ әрі ашық өткізу туралы арнайы жарлыққа қол қойды. Құжат сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз етуге және кандидаттарға тең жағдай жасауға бағытталған.

Жаңа Жарлықтың негізгі мақсаты - азаматтардың сайлау құқықтарын қатаң сақтау және мемлекеттік немесе муниципалдық органдардың сайлау процесіне заңсыз араласуына жол бермеу. Бұл ретте әкімшілік ресурсты жекелеген қатысушылардың мүддесіне пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Құжатқа сәйкес, кез келген кандидаттың пайдасына сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына тартуға қатаң тыйым салынады:

Білім беру мекемелерінің мұғалімдері мен оқушылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері;

Әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері және медициналық мекемелердің қызметкерлері;

Халыққа қызмет көрсететін басқа да мемлекеттік және муниципалдық ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері. 

ҚР Министрлер Кабинетіне сайлауалды үгіт-насихатқа заңсыз қатысқан немесе лауазымдық артықшылықтарды пайдаланған басшылар мен лауазымды тұлғаларды дереу тәртіптік жауапкершілікке тарту тапсырылды. Қажет болған жағдайда атқарушы билік, құқық қорғау органдары, жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер мен өзін-өзі басқару органдарының басшылары қызметінен босатылады, -делінген хабарламада. 

Сондай-ақ оқыңыз: