Лахор - әлемдегі ауасы ең лас қала
Пәкістанның Лахор қаласы әлемдегі ең лас шаһар атанды.
Ауадағы зиянды бөлшектердің индексі халықаралық белгіленген талаптан 237 есе асып кеткен. Бұл деңгейде тыныс алу жолдары ауруларының пайда болу қаупі артады. Сол себепті қала тұрғындарына далада ұзақ уақыт еңбек етіп, дене шынықтырумен айыналыспау ескертілді. Тұрғындар шаһар ауасын тазарту үшін қойылған су бүркитін қондырғылардың көмегі аз деп, үкіметтен шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп жатыр.