Пәкістанда жедел жәрдем көлігі жарылып, 10 адам қаза тапты
Пәкістанда жедел жәрдем көлігі жарылып, салдарынан 10 адам қаза тапты.
Оқиға елдің оңтүстігіндегі Синд провинциясында орналасқан мемлекеттік аурухана маңында болды. Полицияның алдын ала мәліметінше, көліктегі оттегі баллоны жарылып кеткен. Қаза тапқандардың арасында аурухана қызметкерлері, науқастар және олардың туыстары бар. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Медицина мекемелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.