АҚШ баллистикалық зымыран ұшырады
Сынақ осы аптаның ортасына жоспарланып отыр.
"Ньюсуик" басылымының дерегі бойынша "Минитмен III" деп аталатын ракета атомдық оқтұмсық алып ұша алады. Таяуда Президент Трамп Құрама Штаттар ядролық сынақ бастайтынын мәлімдеген еді. Бұған дейін Ресей ядролық қару тасымалдайтын екі жаңа жүйені сәтті сынағанын хабарлады. Содан кейін АҚШ Президенті де өз шешімін жариялады. Бірақ Америка бұл жолы зымыранды оқтұмсықсыз сынақтан өткізеді. Калифорниядағы Ваденберг әскери базасынан ұшырылатын зымыран 7 мың шақырым жердегі жаудың бетін қайтара алады. 36 тонналық зымыран өткен ғасырдың 70-жылдары қолданысқа енгізілген. Қазір АҚШ-та мұндай қарудың 400 данасы бар.