Жапония ядролық қаруға иелік етуге ниетті
Жапония ядролық қару ұстауға мүдделі. «Mainichi» басылымының дерегі бойынша қазір Токиода АҚШ-тың жойқын қаруын ел аумағына орналастыру мәселесі қаралып жатыр.
Бұған таяуда ғана қызметіне кіріскен премьер-министр Санаэ Такаити бастамашы болып отыр. Жапонияның жаңа үкімет басшысы 1967 жылы қабылданған заңды өзгертуге шақырды. Құжатта Токиоға дербес ядролық арсеналын иемденуге, шығаруға және орналастыруға тыйым салынған. Премьер-министр Такаити бұл АҚШ-тың әлемдегі ядролық қауіпті тежеу саясатын әлсіретеді деп санайды. Ал «Жапонияның қауіпсіздік мәселесі Құрама Штаттарға тікелей тәуелді», – дейді ол.