Жапонияның қор нарығы құбылып тұр

Бұған Токио мен Бейжің арасындағы ахуалдың ушығуы себеп. Мұның салдарынан Күн шығыс еліндегі 225 компанияның әлеуетін көрсететін Никкей индексі апта басынан бері бес пайыз құлдырады. 

Ал Жапония экономикасының индикаторы саналатын Topix индексі екі жарым пайыз арзандаған. Сарапшылар: «Жапон премьер-министрінің Тайваньға қатысты мәлімдемесі инвесторлар арасында дүрбелең туғызды», - дейді. Санаэ Такаичи парламент комитетінің жиыны барысында Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, Жапонияға қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан Токио Тайваньға қорғануға көмектесуге тиіс екенін жеткізді. Бұл мәлімдеме Бейжіңге жақпай қалды. Сондықтан Қытай өз азаматтарына Күн Шығыс еліне барудан бас тартуға кеңес берді.