Иран зымырандар санын арттырды
Иран зымыран өндірісін арттырды. Америкалық «Нашэнл Интэрэст» басылымы осындай мәлімет таратты. Ислам Республикасына ракета құрастыруға тыйым салып, санкция енгізілген болатын. Соған қарамастан Тегеран зымырандар санын арттырып жатыр.
Барлау қызметтерінің дерегі бойынша, қазір зымыран ату жүйелерін жер астынан сала бастаған. Алайда Иран тарапы атомдық бағдарламасы бойынша АҚШ-пен келіссөз бастауға дайын екенін жеткізді. Алайда Құрама Штаттар Тегеранның шарттарына келісуі керек. Өйтпеген жағдайда Вашингтон және Тель-Авивпен кезекті текетірестен қаймықпайтынын атап өтті.