Илон Маск триллионер атана ма?

Илон Маск бір жылда 100 млрд доллар табыс табады. Бұл АҚШ-тағы бастауыш мектепте сабақ беретін барлық мұғалімге төленетін айлықтан да көп. Яғни 3 млрд долларға артық. Бұл туралы Washington Post басылымы хабарлады.

Есепке жүгінсек, алдағы 10 жылда миллиардер 1 трлн доллар сыйақы алуға тиіс. Қомақты қаржыны Тесла компаниясы төлейді. Яғни америкалық кәсіпкер жылына 100 млрд табысты осы сыйақыдан тауып отырады. Илон Маск енді Тесла компаниясының капиталын 8,5 трлн долларға жеткізуге тиіс. Миллиардердің жоспары орындалса, ол әлемдегі алғашқы триллионер атанады.