Бангладеште 5,7 балдық жер сілкінісі болды
Бангладеште магнитудасы 5,7 баллдық жер сілкінісі болып, алты адам көз жұмды. Жүзге жуық тұрғын жараланды. Бірнеше ғимараттың қабырғасы сөгілген.
Зақымдалған үйлерден адамдар эвакуацияланып жатыр. Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Зілзала көрші Үндістанның бірнеше аймағында да сезілді.