Жапонияда жер сілкінісі мен Фудзи жанартауының атқылауы мүмкін

Жапонияға жойқын апат қаупі төнді. Мамандардың болжамынша, елде жер сілкініп, Фудзи жанартауы атқылауы мүмкін. Бұл туралы жергілікті табиғи апаттардың алдын алу агенттігі хабарлады, деп хабарлайды 24KZ.

Билік тұрғындарды кемінде бір аптаға жететін азық-түлік пен ауызсу қорын дайындауға шақырды. Тағы тұрғындарға дәрі-дәрмек пен жеке гигиена құралдарын, қолшамдарды алдын ала әзірлеп қоюды ұсынды. «Десе де үкімет өкілдері бұл ескерту – тек апаттың алдын алу мақсатында қабылданған жоспарлы қауіпсіздік шарасы», – дейді.

Сондай-ақ оқыңыз: