Газа секторында әуе соққысынан бір тәулікте 33 адам қаза тапты
Газада Израиль әскери күштерінің соққысы салдарынан бір тәулікте 33 адам қаза тапты.
Тағы 88 тұрғын жараланып, ондаған тұрғын үй қирады. Жалпы секторда атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгелі бері 312 адам мерт болды. Шамамен 760 адам жараланып, ауруханаға түсті.