Таиландта су тасқынынан 19 адам көз жұмды
Таиландтағы су тасқыны кемінде 19 адамның өмірін қиды.
Бұл туралы Си-Эн-Эн телеарнасы хабарлады. 300 жылда бір болатын толассыз нөсер көшкінге ұласып, онға жуық провинцияның берекесін алды. Сонгкхла провинциясының ірі көлік және сауда орталығы Хатъяй қаласы ең көп зардап шекті. Мұнда су деңгейі 2,5 метрге дейін жеткен. Қазір тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, қиын жағдайда қалған азаматтарға азық-түлік жеткізіліп жатыр.