Қ. Тоқаев семсерлесуден Қазақстан құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.