Жапонияда 65 әуе рейсі тоқтатылды
Жапонияда 65 әуе рейсі тоқтатылды. Кестедегі өзгерістер 9 500 жолаушыны жолынан қалдырды. Бұл жағдайға ұшақтардың ұшуын басқару жүйесіндегі ақаулар себеп болған.
Күн сәулесі қатты түсіп, салдарынан деректер бұрмаланған. Бұл туралы еуропалық ұшақ жасап шығарушы Эйрбас компаниясы мәлімдеді. Қазір 6 мыңдай ұшаққа жүйені жедел жаңарту қажет. «Әлемдегі осы үлгідегі барлық әуе кемелерінің жартысынан көбін қайта тексеру қажет», - дейді мамандар.