Әлемде қызылша ауруының таралуы бәсеңдеді
Әлемде қызылша ауруынан болатын өлім-жітім кейінгі 24 жылда 88% азайды.
Десе де, былтыр 11 миллион жағдай тіркеліп, 95 мың адам қайтыс болды. Олардың көбі 5 жасқа толмаған балалар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың таралуына вакциналау деңгейінің төмендеуі себеп дейді. Ұйым үкіметтерді иммундау бағдарламаларын қаржыландыруға шақырды.