АҚШ-та қызылша індетінің таралуы 35 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті

АҚШ-та қызылша індеті өршіп тұр, деп хабарлайды 24KZ.

Жыл басынан бері инфекция жұқтырудың 5 мың 182 жағдайы тіркелген. Бұл кейінгі 35 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылы науқастар саны 2 мың 289 болған. Ал биыл аурудың асқынуынан кемінде 8 адам көз жұмған. Арасында балалар да бар. Осы тұста мамандар екпе алудың маңыздылығын ескертіп отыр. Өйткені қызылша - ауа-тамшы жолымен таралатын вирус. Ол өкпе мен миды қабындырып, кей жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: