Airbus ұшақтары тексеріліп жатыр

Airbus компаниясы бағдарламалық қамтамасыз етудегі ақауға байланысты 6 мыңға жуық A320 ұшағын тексере бастады. Бұл осы әуе көлігінің жалпы санының жартысынан көбі.

Шешімге таяуда болған оқиға себеп. Америкалық әуе компаниясының лайнері Мексикадан АҚШ-қа ұшқанда кенет биіктігін жоғалтып, бірнеше жолаушы зардап шекті. Оқиға әлемдегі әуе қозғалысына әсер етті. Франция рейстердің 5%-ін тоқтатса, Мексика алдағы күндерге жоспарланған сапарларды кейінге шегерді.