АҚШ Таяу Шығыстағы ұшақтарын көбейтті
Иранмен уақытша келісімге келсе де АҚШ Таяу Шығыстағы бес қаруын сайлап жатыр. Пентагон аймаққа 12 бірдей A-10 Thunderbolt II әуе кемесі мен 2 жанармай құйғыш ұшағын әкелді.
Әскери борттардың қозғалысын бақылайтын Itamilradar порталының мәліметіне қарағанда, АҚШ-тан шыққан ұшақтар Ұлыбританияда сәл аялдаған соң,. Иорданиядағы әуе базасына қонған. Осылайша Таяу Шығыстағы америкалық шабуылдаушы ұшақтардың саны екі есе артты. Бұл әскери борттар лазер және ірі калибрлі зеңбірекпен жабдықталған. Жалпы, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әскери әуе паркінде қазір 250 ұшақ бар. Көбі Иорданияда, қалғаны Израиль мен Сауд Арабиясындағы әскери базаларда шоғырланған.