Венесуэла кофе өндірісін ұлғайтты
Венесуэла кофе өндірісін ұлғайтты. Бірақ асып-сасып жатқан Мадура жоқ. Ел ішінде емін-еркін жиынға қатысып жүр.
Президент кофе өндірушілерді марапаттау кезінде Венесуэладағы кофе өндірісі кеңейіп, 250 мың гектарға жеткенін мәлімдеді. Бұл мемлекет бүгін ғана Трамптың қырына ілігіп отырған жоқ. 2019 жылдан бері АҚШ-тың қатаң санкциясында. Айта кетерлігі, Венесуэла кофесі қазір Латын Америкасына, Кариб елдеріне, Азияға, Еуропаға, сосын АҚШ-қа экспортталады.