Шри-Ланкада дауылдан 479 адам қаза тапты

Шри-Ланкаға соққан «Дитва» циклоны 200 мыңнан астам адамды үй-жайынан айырды. Күшті дауыл елдің бірнеше өңірін, лайсаң су мен тасқынға толтырған. 

Кейінгі ресми деректерге сай, апаттан 479 адам қаза тапты. Тағы 1,2 миллион тұрғын зардап шекті. Сондай-ақ 350 адам хабар ошарсыз кеткен. 

Жергілікті халық үйлеріне оралмас бұрын қауіпсіздік шараларын талап етіп отыр. Билік зардап шеккен өңірлерде қалпына келтіру жұмыстарын күшейтіп жатыр.