Қытайлар ерекше протез жасап шығарды 

Қытай мамандары қол мен аяққа арналған заманауи интеллектуалды протез жасап шығарды. Енді мүмкіндігі шектеулі жандар еркін қозғалып, еңбекке араласа алады.

Бионикалық мүшелердің ерекшелігі - доп теуіп, тауға өрмелеп тіпті пианинода ойнауға мүмкіндік береді. Ол адамның нейрон сигналдарын қабылдап, қол немесе аяққа түсетін салмақтың алгоритмін айқындап отырады. Бұл мүгедек жанға буындарды еркін игеруге жағдай жасайды. 

Мәселен, жасыл шөп, тас немесе құмды жермен жүргенде тепе-теңдікті сақтап, тірек күшін оңай анықтайды. Инновациялық технологияның арқасында кез келген нәрсені ұстап, сезіп, қабылдайды. Қазір мамандар жобаны жетілдіріп ыстық пен суықты сезе алатындай етіп жасап жатыр.