Индонезияда тасқыннан 867 адам опат болды

Индонезияда алапат су тасқынынан опат болғандар саны 867-ге жетті. Тағы 521 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. 

Толассыз нөсер салдарынан Солтүстік және Батыс Суматра провинцияларында су деңгейі күрт көтеріліп, үйлер мен жолдар қирады. Апат аймақтарына гуманитарлық көмек тікұшақ арқылы жеткізіліп жатыр.