Пәкістан Ауғанстанмен шекараны жапты  

Пәкістан Ауғанстанмен шекарадағы Чаман өткелін жапты. Бұған екі ел арасындағы қатынастың шиеленісуі себеп. Салдарынан жүздеген адам өткізу бекетінде қалып қойды. 

Арадағы қарулы қақтығыстан төрт тұрғын қаза тауып, бірнеше адам жараланған. Талибан өкілдері атысты Пәкістан бастады деп есептейді. Ал Пәкістан тарапы оқты алдымен ауған күштері жаудырды деп отыр.