Пәкістанда 6 қабатты ғимарат құлады
Пәкістанның Карачи қаласында алты қабатты ғимарат опырылып, төрт адам қаза тапты. Тағы 14 адам жарақат алды, деп хабарлайды 24KZ.
Оқиғаға байланысты ғимарат иесі мен құрылысқа жауапты мердігерлерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Оларға қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін айып тағылды. Ресми мәліметке сәйкес ғимараттың тек бір қабатын салуға рұқсат берілген. Соған қарамастан нысан алты қабатқа дейін тұрғызылған. Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздестіріп жатыр. Әзірге олардың саны беймәлім.