Үндістанда өрттен 23 адам қаза тапты
Үндістанның Гоа штатында өрт салдарынан кемінде 23 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға туристер көп баратын Бага жағажайындағы түнгі клубта болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, өртке газ баллонының жарылуы себеп. Құтқарушылар: «Опат болғандардың көпшілігі мекеме жұмысшылары болуы мүмкін», - дейді. Қазіргі уақытта өрт толық сөндірілді.