Индонезияда тасқыннан 950 адам опат болды

Индонезиядағы су тасқынынан опат болғандар саны 950-ге жетті. Тағы 274 тұрғын із-түссіз жоғалып, бес мыңға жуық адам жарақат алған. 

Солтүстік және Батыс Суматрадағы толассыз нөсер салдарынан өзендер күрт көтеріліп, үйлер мен жолдар қирады. Эвакуацияланған 1300 тұрғынға көмек көрсетіліп жатыр. Синоптиктер алдағы уақытта қайта жаңбыр жауып, тағы су тасқыны жүруі мүмкін деп ескертіп жатыр.