Таиланд пен Камбоджа арасы ушықты
Таиланд пен Камбоджа арасындағы жағдай қайта ушықты. Екі ел шекарасында атыс болып, екі тай сарбазы оққа ұшты. Тағы екеуі ауыр жараланған.
Камбоджаның қорғаныс министрлігі үш адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Елде жаппай эвакуация жарияланып, жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Екі ел арасындағы шиеленіс талай жылдан бері жалғасып келеді. Екі ай бұрын Дональд Трамптың араағайындық етуімен, тараптар бейбіт келісімге келген болатын. Алайда келісім бұзылып, қайта қақтығыс тіркелді.