Индонезияда өрттен 22 адам опат болды
Индонезия астанасы Джакарта қаласында өрттен 22 адам опат болды.
Қызыл жалын дрондар өндіретін компания орналасқан кеңсені шарпыды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды үш сағаттан соң ғана ауыздықтады. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.