Мароккода тұрғын үйдің құлауынан 22 адам көз жұмды

Марокконың солтүстік-шығысында төрт қабатты екі ғимарат құлады.

Салдарынан 22 адам қаза тапты. Тағы 16 тұрғын жарақат алды. Оқыс оқиға Фес қаласында болған. Полиция тергеуді бастап кетті. Әзірге үйлердің апатты жағдайда болғаны белгілі. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Айта кету керек, Фес қаласында мұндай жағдайлар жиі болады. Өйткені шаһардың инфрақұрылымы ескірген әрі құрылыс нормалары сақтала бермейді. Биыл мамыр айында да ғимарат құлап, 10 адам опат болған еді.