АҚШ Мексикаға 152 600 мигрантты кері қайтарған
АҚШ Мексикаға шамамен 152 мың 600 мигрантты кері қайтарған. Бұл жөнінде Мексика президенті Клаудия Шейнбаум хабарлады.
Оның айтуынша, қаңтарда Дональд Трамп қайта қызметке кіріскелі бері елге тек мексикалықтар ғана емес, өзге мемлекеттердің азаматтары да жіберілген. Кейінгі тәуліктің өзінде 372 адам депортацияланған. Оның ішінде 305-і Мексика азаматтары, 67-сі шетелдіктер екені анықталды. Трамп әкімшілігі алдағы кезеңде заңсыз мигранттарды депортациялау шаралары күшейтілетінін мәлімдеп отыр.