Бразилияда дауылдан екі миллион адам жарықсыз қалды

Бразилияның Сан-Паулу қаласында соққан қуатты дауылдан шамамен 2 млн адам жарықсыз қалды.

Шаһардың бірнеше ауданында ағаштар құлап, электр желілері зақымданған. Желдің екпіні сағатына 98 шақырымға дейін жеткен. Табиғи құбылыс салдарынан әуе қатынасы да бұзылды. Жүзден астам рейс тоқтатылды. Әуежайлар жұмыстың біртіндеп қалыпқа келіп жатқанын хабарлады.