Мигранттар Польшаға туннель арқылы кірген
180-нен астам мигрант жер асты туннелі арқылы поляк-беларусь шекарасын заңсыз кесіп өткен. 130 адам ұсталды, өзгелері іздестіріліп жатыр.
Польша шекара қызметінің мәліметіне қарағанда туннель ормандағы жер астында салынған. Диаметрі шамамен бір жарым метр. Ұсталғандар – Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал және Бангладеш азаматтары. Қазір оларды депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Мигранттардың заңсыз әрекетін ұйымдастырған екі күдікті қамауға алынды.