Польшада АҚШ әскери базалары салынады

Польша өз аумағында АҚШ-тың әскери базаларын құруға ниет білдірді.

Ел билігі бұл мақсатта Вроцлав, Познань, Быдгощ және Щецин қалаларын ұсынып отыр. Бұл туралы Польша Қорғаныс министрлігінің өкілі, генерал Дариуш Луцковский мәлімдеді. Айтуынша, американдық нысандардың құрылысына кемінде үш жыл және 750 миллион доллар қажет. Егер әскери базалар тұрғызылса, онда 5 мыңға жуық американдық әскер қызмет етеді. Ал олардың отбасы мүшелері мен азаматтық қызметкерлерді қоса есептегенде, Польшаға 15 мыңға жуық АҚШ азаматы баруы мүмкін. Поляк билігінің хабарлауынша, базаның нақты қайда орналасатынын АҚШ президенті Дональд Трамп шешеді.

Сондай-ақ оқыңыз: