Қытай демографиялық дағдарысқа ұшырады

Қытайда келер жылдан бастап баланы босандыру қызметі тегін болады. Бұл жөнінде елдің Ұлттық медициналық сақтандыру қызметі жариялады. 

Өйткені көрші елде кейінгі жылдары бала туу көрсеткіші төмендеп кеткен. Салдарынан халқы қартайып барады. Қазір 1 миллиардтан астам адамның 20 пайызы – қарттар. Бұған алаңдаған ел үкіметі демографиялық саясатқа өзгеріс енгізді. Енді босанғанға дейінгі және кейінгі медициналық шығындар мемлекет есебінен өтеледі.

Ван Юньхао, Бейжің тұрғыны:

- Бұл бала күтіп жүрген отбасыларға үлкен жеңілдік. Әсіресе нәресте туылғаннан кейін біраз уақыт жұмысқа шыға алмайтын аналарға қолдау болғалы тұр. Жаңа жоба жастарды отбасын құрып балалы болуға ынталандырады деп ойлаймын.