АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі өсіп барады
АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін өсті.
Бұл 2021 жылдың қазанынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Қарашада жұмыссыздар саны 7,8 млн адамға жеткен. Бір айдан аз уақыт жұмыссыз жүргендер 2,5 млн-ды құрады. Ұзақ мерзімді жұмыссыздардың саны 1,9 млн адамға дейін артты. Жалпы жұмысқа қабылдау денсаулық сақтау, құрылыс және әлеуметтік көмек салаларында көбейген. Ал көлік, қойма ісі және федералдық мекемелерде керісінше қысқартулар байқалады.