АҚШ Венесуэладағы әскерін күшейтті
АҚШ Венесуэла жағалауында әскери әуе белсенділігін арттырды.
Аймақта төрт америкалық әскери ұшақ тіркелген. Олардың екеуі жойғыш ұшақ болса, қалған екеуі радиоэлектронды барлау жүргізетін әуе кемелері. Қауіпсіздікке байланысты бірқатар ел азаматтық ұшақтарға Венесуэла үстімен ұшпауға кеңес берді. АҚШ тарапы аталған әрекеттерге қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.